Slider

Жаңалықтар

Колледжге оқуға түсу үшін egov.kz порталында құжаттарды онлайн тапсыру алгоритмі

Далалық оқу жиыны туралы мәлімет

«ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан оқытуды енгізу» вебинары өтті

08.05.2020ж. «Talap» KeАҚ  «ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан оқытуды енгізу» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар Zoom қосымшасында өтіп, еліміздің әр аймағындағы колледждердің оқытушылары мен әскерлерінің басын қосты.

Вебинарды Скакова Жумагуль Ермековна жүргізіп, қашықтықтан білім берулің сандық құралдарына шолу жүргізді. Онлайн кездесу барысында колледжіміздің әдіскері , «Talap» KeАҚ оқу-тренингтік орталығының штаттан тыс тренері Данияр Ергалиулы  «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме бойынша аралық, қорытынды аттестаттаулардың мазмұны және олардың қашықтықтан оқыту шартына сай бейімделуі» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибемен бөлісті.

Вебинарда сондай-ақ әріптес колледж  басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақбота Анарбековна «Қашықтықтан оқыту шартына ТжКБ ұйымдарында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру» тақырыбында техникалық іске асырылу тәжірибесімен бөлісті.

Техникалық және кәсіптік білімі бар маман даярлауда алдыңғы қатарлы технологияларды игеру бойынша әріптестігіміз артып, жұмысымыз нәтижелі бола берсін!

«Қашықтықтан білім беру технологиялары пайдаланылған оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері» вебинары өтті

5 мамыр 2020 жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі облыс көлемінде бірінші болып тәжірибемен бөлісу мақсатында Zoom платформасында «Қашықтықтан білім беру технологиялары пайдаланылған оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда оқу үрдісінің келесідей мәселелік тақырыптары қарастырылды:
– Кәсіби құзыреттіліктерді қашықтықтан игеру (1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша);

– Онлайн тәрбие жұмысы немесе Қашықтықтан оқыту шарттарында оқу үрдісін педагогика-психологиялық консультациялық сүйемелдеу;

– Дене тәрбиесі пәнінің қашықтықтан жүргізілуі;

– Арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізу тәжірибесінен;

 -Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабағын әзірлеудің ерекшеліктері.

Онлайн-кездесуді колледж басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Тлеужанова Марал Карибаевна жүргізді. Мемлекеттік және орыс тіліндегі жасалған баяндамалар әріптестерге құнды да бірегей мәліметтер берді деген ойдамыз.Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалануда оқу үрдісінің компоненттерін жан-жақты қамтып, көрсету мақсатындағы вебинар өз мақсатына жетті деп есептейміз. Онлайн-шараның жаңашыл тұсы осындай қашықтықтан оқыту барысындағы оқу-тәрбие процесіндегі мәселелерді жан-жақты қарастырып, талқылауында болды. Әл-Фарабидің «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қағидасына сүйене отырып, вебинар барысында тәрбие беру мәселелері жөнінде де толыққанды мәліметтер ұсынылды. Вебинарға облыс, республика көлеміндегі оқу орындарынан, оқу-әдістемелік орталықтардан жалпы саны 80-нен астам басшылар және олардың орынбасарлары, оқытушы-әдіскерлер қатысты. Қатысушылар тарабынан оң пікір алған вебинар алдағы уақытта әріптес колледждерден өз жалғасын таппақ. Вебинарға қатысушылар колледждің баяндалған жұмысы жайлы өз ойлары, пікірлері мен ескертулерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ұжымдасып, тәжірибе бөлісу арқылы ғана жұмыс сапасын арттыруға болады. Қарағанды облысының білім басқармасына және Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұжымына, «Талап» КеАҚ, ҚР ҰКП «Атамекен» Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына вебинарды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін және барлық қатысушыларға алтын уақыттарын бөліп, бізбен бірге болғаны үшін алғысымыз шексіз! 

 

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі қашықтықтан оқытуға көшті.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі 2020 жылдың 16 наурызынан бастап болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТТ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баспасөз мәслихаттарында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізді.Осы мезеттен бастап коронавирусқа қатысты техникалық және кәсіптік білім беру салалары қашықтықтан оқытуды бастап кетті.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі MoodIe электронды платформасымен жұмыс істеп жатыр. Платформадағы студенттердің саны- 653, оқытушылар саны- 41.

 Браузерден http://zhigk.zhezcan.kz/ адресін жазу арқылы әр оқытушы мен студенттер өз логин,паролін жазып кіре алады. Платформада оқу үрдісінің кестесі және сол кестеге сай барлық пәндер салынған. Мысалы, «информатика» пәнін алатын болсақ, студент осы пәнге кіріп, сол күнгі теориялық материалмен танысып, лекция соңында орналасқан «кері байланыс» тапсырмаларын орындайды. «Кері байланыс» батырмасында бақылау сұрақтары, тапсырмалар, тест, сұрақтар орналасқан. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы студенттер бағаланады. Соған байланысты журналдарға күнделікті бағалары автоматты орналасқан.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде желіге қосыла алмайтын студентер жоқ. Оқытушылар мен студенттер 100% желіге қосылған. Лекциялар мен тапсырмалар күнделікті орындалып жатыр. Оқытушылар онлайн сабаққа әр студенттің толық сабақты орындауын күнделікті қадағалау үстінде.

«Ерікті болу – өз еркің» тақырыбымен Жайдарман ойыны өтті

Жылдағы дәстүр бойынша колледж студенттерімен биылғы «Еріктілер жылы» аясында Жайдарман ойыны өтті. Бұл жолы әзіл алаңына 6 команда жоғары деңгейде дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. «My love is ZHIGK» құрамасы, «Сүйкімділер» құрамасы, «Сарыарқа арулары» құрамасы, «Cambridge» құрамасы, «П-П (Пішнә-пішнә)» құрамасы және «Демал» құрамалары бақ сынады. Сайыс екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең «Сәлемдесу» деп аталса, екінші кезең «Сұрақ-жауап» болды. Команда мүшелері әділқазылар алқасы қоятын сұрақтарға бірлесе ортақ жауап берді.

Аталған ойынға Жас Отан Жастар қанатының Жезқазған қаласындағы филиалы директоры Багчай Абай, Жастар ресурстық орталығының маманы Түсіп Ізтілеу Бекенұлы, Жезқазған қаласындағы Жайдарман филиалы директоры Шаруа Бейбарыс, ЖИГК басшысы Тлеужанова Марал Кәрібайқызы қазылық етті. Көрерменді күлкіге қарық қылған әзіл кешінде ешкімнің езуі жиылмады. Соңғы кезеңнен кейін ортаға барлық топтар жиналып, әділқазылар өз шешімін шығарды. Ерекше әзілдерімен көзге түскен «Cambridge» командасы «ЖИГК Жайдарман ойындарынан Директор Кубогының» иегері атанды.

Әлем ұлықтаған Абай

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары деңгейде аталып келеді. Осы орайда Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінде ұлы ақынға арнап Абай атындағы дәрісхана ашылды. Аталған кабинетте Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығын қамтыған түрлі стендтер әзірленді. Ауқымды шараға өлкетанушы Төлеген Бүкіров, Жезқазған политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Клара Бердіқұлқызы, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, ел ағасы, ұлт жанашыры Қабдрахман Сәдуақасұлы сынды қаламыздың құрметті тұлғалары қатысты. Дәрісхананың ашылу рәсімінің таныстырылымын қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Перизат Дүйсенбекқызы және Салтанат Қажымұратқызы және әлеуметтану және саясаттану пәнінің мұғалімі Арайлым Жалаулықызы жүргізді.

Ұстаздар студенттер мен қонақтарға ұлы ақынның өмір кезеңдері мен өлеңдеріне талдау жасау арқылы шығармашылық жолынан мағлұматтар жеткізді. Сондай-ақ, өлеңдеріндегі философиялық ойлар, қара сөздерінде қозғалған мәселелер, Абай қалдырған нақыл сөздер мен өсиетнамалар жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар, ақынның сазгерлік, аудармашылық қырлары туралы да айта кетті. Студенттер ақынның жырларын жатқа айтып, өз білгендерін ортаға салды.

Ал кабинеттегі стендтерде ақынның шежіре тарихы, Абайды қалыптастырған тұлға әкесі Құнанбай жайлы, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді, Абай жайлы айтылған даналық пікірлер, «Абай жолы» романына талдау және «Әлем ұлықтаған Абай» атты әлемнің әр жеріндегі ақынға арналған түрлі ескерткіштер бейнеленген. Сондай-ақ, ақынның үлкен портреті, кабинеттің ұраны ретінде ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім..» атты өлең жолы студент жастарға үлгі болсын деген мақсатпен алынды. Әр студенттің бойына Абай атамыз айтқан бес асыл істі сіңіріп, бес дұшпаннан аулақ болуға тәрбиелейтін, ұлтын, елін сүюге шақыратын, Абай айтқан ізгі қасиеттерді сіңдіре білу – біздің басты мақсат.

Жасөспірімдердің заң аясындағы құқығы жөнінде кездесу өтті

Колледжде Жезқазған қаласы әкімшілігінің кәмелеттік жасқа толмағандар және олардың құқығын қорғау ісі бойынша жауапты хатшы Жылқыбаева Әлия Данилқызы, «Шанс» кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының директоры Тұрлыбекова Батима Жанбекқызы, «Шанс» кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының заңгері Нысанбаева Ұлмекен Жанділдәқызы, қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Матайбаева Мадина Ержанқызының қатысуымен «ҚР әкімшілік және қылмыс туралы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында лекция өтті.

Кездесу барысында кәмелетке толмаған балалардың түнгі мезгілде көшеде жүруге тыйым салынатыны қатаң ескертілді. Сонымен қатар, жұмыс істейтін жастарға заң бойынша тек 3 сағат қана еңбек ету құқықтары бар екенін айтты. Өзгертілген әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға тоқталып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жағдайында қандай жаза қолданатыны айтылып өтті. Мысалы, ұрлық, ауыр қылмыстар, бұзақылық т.б. заңбұзушылықтар кезінде жасөспірімдердің заң алдындағы жауап беру құқығы түсіндірілді. Олардың ата-аналарына қандай жағдайда айыппұл санылатыны да айтылды.

Сондай-ақ, студент жастарға акушер гинеколог тарапынан жоспарсыз жүктілік, ерте жыныстық қатынас жөнінде ақпарат берілді. Ерте бастан тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, бірден заң өкілдеріне айту керек екенін түсіндірді.

 

«Не? Қайда? Қашан?»

Жезқазған индустриялдық гуманитарлық колледж қабырғасында студенттер арасындағы «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны болып өтті. Аталған ойында 2 курс студенттерінен құралған «Qualities» және «Python» топтары бақ сынады. Жарыс 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезең «Бәйге», екінші кезең «Мамандығым-мақтанышым», үшінші кезең «Тұлғаны тани біл» деп аталды.

Алғашқы кезеңде топ мүшелері қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына байланысты ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді.

Екінші «Мамандығым-мақтанышым» кезеңінде топ мүшелеріне өз мамандықтарына сай берілген сауалдар қойылды. Яғни, «ағылшын», «орыс тілі», «экономика», «бағдарламамен қамту» пәндерінен қойылған 10-40 баллдық шкаламен сұрақтар болды. Әр сұрақтың күрделілігі берілген баллдық көрсеткішке сай, тиісінше дұрыс жауапқа сонша ұпай саны қосылып отырды.

Үшінші кезең «Тұлғаны тани біл» деп аталды. Бұл кезеңде елімізге белгілі тұлғалардың бейнелері экран арқылы беріліп отырды, әр топқа үш суреттен көрсетілді. Соған сәйкес әр топ қандай тұлға, қандай шығармалары, жетістіктері жайлы білетіндерін ортаға салды. Мысалы, бірінші топқа Мұхтар Шаханов, Ермахан Ибраимов, Роза Бағланованың суреттері көрсетілсе, келесі топқа Мұқағали Мақатаев, Бекзат Саттарханов, Шәмші Қалдаяқовтың бейнесі берілді. Яғни, осы көрсетілген суреттер арқылы тұлғалардың есімін, өмірбаянын, жетістіктеріне тоқталып өтті.

Жарыс соңында жалпы ұпай саны есептеліп, ойын жеңімпаздары анықталды. Ерекше алғырлығымен «Python» тобыбірінші орынды иеленді. Шара соңында колледж директоры Марал Тлеужанова, оқу ісінің меңгерушісі Жанар Алтайқызы құттықтау сөз сөйлеп, алдағы уақытта осындай білім жарыстарын жиі ұйымдастыру студенттердің ойлау қабілетін жетілдіретінін жеткізді.

 

Сәт сапар, Жас маман!

 

29.06.2019ж. қаламыздың Қ.И.Сатбаев негізін қалап кеткен кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан сәулеті мен сәні жарасқан «Ротонда» демалыс жағажайында Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжін бітіруші түлектерге Диплом табыстау кеші өтті.

ЖИГК – бұл барлық дерлік мамандықтары бойынша студенттерді мемлекеттік тапсырыспен, «Серпін-2050» бағдарламасымен оқытатын колледж халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредитациялардан өтіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапалық деңгейін тұрақты көрсетіп келе жатқан республика шеңберіндегі алдыңғы қатарлы колледж! Колледждің заманауи материалдық-техникалық базасы және білікті оқытушылары еңбек нарығының талаптарына сай кадр дайындау мақсатында оқыту мен өндірістік тәжірибенің озық технологияларын сәтті енгізуде.

2018-2019 оқу жылында 400-ден астам түлек 13 мамандықтың 28 біліктілігі бойынша оқуды аяқтады. Түлектерінің еңбекпен қамтылуы қазірдің өзінде 65%-ды құрайды.

Жайдарлы жағалаудағы Диплом табыстау кешіне колледждің әлеуметтік серіктестері – Мысты өңірдің жетекші мекемелерінің басшылары мен өкілдері қонақ ретінде келіп, жас мамандарға сәтті де табысты қызмет жолын тіледі.

Түлектеріміздің өмірлік жолы нұрлы болсын! Тандаған кәсіптерінің жемісін көріп, қызмет баспалдағымен өрлеп, Еңбек қоғамының беделді де белсенді мүшесіне айналсын!

Сәт сапар, жас маман!

 

НАУРЫЗ

Наурыздың 17 жұлдызынан бастап Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде ұлы тойды, қазақтың төл мейрамын тойлату салтанаты басталды. Үнемі жаңашылдықты қолдайтын колледж әкімшілігі мен қызметкерлері осы жолы жаңа жылды ерекше қарқынмен қарсы алды. Қазақтың салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс қойылып, әдемі әндер шырқалды, қуатты күйлер тартылды, ұлттық ойындарымызды бір жаңғырттық.

 

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ

2019 жылдың 5 наурызында Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі ұйымдастырған «Екі жұлдыз» ән шоу байқауы өтті. Сайысқа мектеп ұстаздары, ЖИГК студенттері мен оқытушыларынан құралған жұптар қатысты. Дәстүрге айналған байқау жоғары деңгейде өтті.

Алғыс айту күні

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде  наурыз Алғыс айту күні ерекше қарқынмен тойланды. Колледж басшысы М.К.Тлеужанова бастаған білікті аға ұстаздардан құралған топ оқытушылар мен студенттерді аралап, тәтті сыйларымен бірге ізгі тілектерін арнады. Жүрекке жылулық сыйлайтын бұл шара студенттерге де, оқытушыларға да ұнады.

Кездесу

21 желтоқсан күні Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің №2 ОҒ «Арманға апарар жол» тақырыбы аясында колледж және мектеп оқушыларының белсенді жастарымен интерактивтік кездесу кеші өтті.

Кеш қонақтары:

  1. Арман Кенжебек – Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы, журналист.
  2. Сәкен Қайратұлы – жергілікті «Дидар» телеарнасының журналист-дикторы.
  3. Абай Бағчай – «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жезқазған аймақтық   «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.
  4. Ернур Ахметов – Республикалық жайдарман ойындарының чемпионы. Қазақ еліне белгілі көптеген комедиялық жанрдағы фильмдердің актеры. Халықтың сүйіктісіне айнала білген шоумен.
  5. Бағлан Ибрагимұлы – «Самбо» спортынан Азия чемпионы. Жезқазғанның ғана емес, Республикамыздың мақтанышы.
  6. Мұқағали Сейітқазы – Елбасының қолы мен батасын бірдей алған. Ұлытау тумасы. Бірнеше хит әндердің сөзін жазған. Ақын.
  7. Қойшығұл Ержан Ғаниұлы – «Сарыарқа ұландары» жайдарман командасының жетекшісі, капитаны. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің «Жастар ісі жөніндегі комитеті» төрағасы.

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық кеш

«Жаңа жылыңызбен!»  мерекесіне арналған іс-шара 24.12.2018ж күні  ұйымдастырылды. Жаңа жыл мейрамын мерекелеу «Асыл арман» салтанат сарайында өтті. Жастар ісі жөніндегі комитет пен «Жігер» СЖҰ ұйымдастырған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты  Жаңа жылдық кешті «Жігер» СЖҰ президенті Жастлеков Шапағат пен ЖІЖК төрағасы Қойшығұл Ержан жүргізді. Әдемі кешті колледж директоры М.К.Тлеужанова құттықтау сөзімен ашып, барлық студенттерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар «ЖІГЕР» студент жастар қозғалысы жұмысының жандануына қосқан зор үлесі үшін төмендегі бірқатар студенттерді мақтау грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады:

Жезқазған қаласыңдағы Үміт балалар үйінде өткен Christmas іс шарасы

ArrowArrow
Slider

МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БОЙЫНША 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН СТУДЕНТТЕР ТУРАЛЫ

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық коледжіне 2018-2019 оқу жылында мемлекеттетік тапсырыс негізінде  115  орын  №1 кесте көрсетілген төмендегі мамандықтарға берілді.

толық ақпарат »

№/№ Мамандық коды Мамандықтың аты Біліктілік Бюджет саны
1.        0103000

 

Дене тәрбиесі және спорт 010302 3 – дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі 15
2.        0601000 Стандарттау, метрология және сертификаттау 060101 3 – стандарттау технигі 15
3.        0902000 Электрмен қамтамасыз ету 090203 3 – Техник – электрик 15
4.        1302000  Автоматтандыру және басқару 1302023 – Электромеханик 25
5.        1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 130404 3 – Техник-бағдарламашы 15
6.        0105000 Бастауыш білім беру 010501 3 – бастауыш білім беру мұғалімі 15
7.        1108000  Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету 110806 2 – тепловоз машинисінің көмекшісі

 

15
Барлығы 115 орын

 

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық коледжінде  талапкерлерді қабылдау комиссиясы құрылып жауапты қызметкерлер тағайындалып маусым, шілде және тамыз айларында талапткерлерді қабылдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар   қабылдау комиссиясының талапкерлер мен ата-аналардың талап-тілектерін қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырыстары жүргізіліп отырды. Конкурстық комиссиясының мүшелері келесідей құрамда болды:

Қабылдау комиссиясының төрайымы: М.К.Тлеужанова

Қабылдау комиссиясының мүшесі: Елеубаева А.А. – бас есепші

Қабылдау комиссиясының мүшесі:Қойшығұл Е.Ғ. – ЖІЖК маманы

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы: Е.М. Арыстанбеков –бағдарламашы

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: Г.К. Жуматова– «Педагогика және ағылшын тілі» ПЦК арнайы пәндер оқытушысы

Сонымен қатар конкурстық комиссия талапкерлердің ата-аналарыда қатысты:

  1. Нургожина Айгерим Кадылкумаровна
  2. Сахалова Фарида Мырзахановна
  3. Босаева Алмагул Абдикаримовна

Сонымен қатар тіл және бейіндік пән сұрақ тапсырмаларының талапқа сай орындалуы  және  кітапшалар мен жауап парағын   шығару, кешенді сұрақтарының дұрыс жауабын техникалық хатшы құпия сақтап, әр тестілеу 10 нұсқа сұрақтарынан тұратын кітапша  мен кешенді тестілеу нәтижесі бойынша берілетін сертификат балдарына сәйкес қабылдау комиссиялары қызметінің құрамын төмендегі кесте бойынша бекітілді.

Қабылдау комиссиялары қызметінің құрамы Жауапты тұлғалар
1 Қазақ тілі Бекбергенов А.И.
2 Орыс тілі Яковенко Е.А.
3 Ағылшын тілі Ким И.А.
4 Математика Ибраева А.
5 Қазақстан тарихы Тлеужанова М.К.
6 Физика Маутанова Б.К.
7 Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы Арыстанбеков Е.М.

ЖИГК  қабылдау комиссиясының талапкерлерді қабылдау бойынша емтихан материалдарын әзірлеу және берілген сұрақтардың мазмұны мен  сапасын қарау жөніндегі комиссия құрамы төмендегі кесте бойынша бекітілді.

Қабылдау комиссиясынның жұмыс түрлері Жауапты тұлғалар
1 Қазақ тілі Бекбергенов А.И.

Аяш Ш.Е.

2 Орыс тілі Яковенко Е.А.
3 Ағылшын тілі Ким И.А.
4 Математика Ибраева А.
5 Қазақстан тарихы Тлеужанова М.К.
6 Физика Маутанова Б.К.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде   кешенді тестілеу  15 тамыз  2018 жыл және 25 тамыз 2018 жыл өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша 20158 жылдың 27 тамызында комиссия мүшелерімен мемлекеттік тапсырысқа өткен студенттер анықталды.

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

2018 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық  колледжінде барлық оқу орындарымен қатар студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Тлеужанова Марал Карібайқызына  берілді.

толық ақпарат »

Салтанатты жиын барысында колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.К.Тлеужанова оқытушыларды, ата-аналарды және колледж табалдырығын алғаш рет аттап отырған І курс студенттерін 1-қыркүйек Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті. Студенттерге жаңа шыңдарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, ал оқытушыларға шыдамдылық, шығармашылық құлшыныс тілей отырып, бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеп, бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын! – деп тілегін жеткізді.

 Сонымен қатар топ кураторлары және Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Үнгітбаева Мейрім Мұхтарқызы және Тәрбие және ғылым ісі жөніндегі директор орынбасары Жолдасова Әсия Ғаниқызы І курс студенттеріне колледждің ішкі тәртіп ережесімен, оқу кестесімен, оқытушылармен таныстырды.Салтанатты жиын Білім күніне белгіленген «Рухани жаңғыру білім саласының көк жиегі», «1-қыркүйек білім күні. Бір халық-бір ел-бір тағдыр» және «Ата заң тәуелсіздік тірегі» атты кураторлық сабақпен жалғасын тапты. Ашық сабақтың мақсаты «Рухани жаңғыру білім саласының көк жиегі» атты жолдауын жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық – бір ел – бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын студенттердің санасына жеткізіп, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыра отырып, Елбасы саясатын насихаттау болды.

ЖИГК ұжымы  Студенттердің білім жолына басқан алғашқы тың қадамдарына сәттілік тілейміз!

Шілде (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Мау    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031