Slider

Daily Archives: 09.09.2020

Жаңаша басталған оқу жылы құтты болсын!

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Кемелұлының  бүгінгі жолдауы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен педагогтері үшін жұмыстың басым бағыттарын анықтап берді.
«Үздіксіз білім» заман талабы! Демек кәсіптік-техникалық білім жүйесі қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен еңбек нарығының талаптарына толыққанды жауап беруі қажет. Бұл бағытта колледждер бизнес ортамен бірлесіп ауқымды шараларды жүзеге асыруда. Атап айтсақ дуалдық оқыту, модульдік-құзыреттілік тәсілдеме мен модульдік-кредиттік жүйелер еңбек нарығының шарттарына сәйкес және әлеуметтік ортада өзін-өзі көрсету, сәтті қарым-қатынас жасауға қабілетті маман даярлауға жол береді.
Жақын арада құрастырылатын үздіксіз білім тұжырымдамасы:
– өз бетінше оқу нәтижелерін ECVET әдістемесі бойынша мойындап, есептеуге;
– сертификаттау орталықтарында кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды куәландыруға;
– кәсіптік білім мазмұнын нақты кәсіп түрлерінің технологиялық үрдісімен кәсіптік стандарттар арқылы байланыстыруға жол беріп, оқу орындарының еңбек нарығына жұмыс жасауына жағдай жасайды деп есептеймін.
Бұл тұста Біз – техникалық-кәсіптік білім жүйесінің өкілдері, ұстаздар қауымы жаңа үлгідегі колледжді қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз! Ахмет атамыздың «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген сөздерімен ой түйген Президентіміздің жолдауын жүзеге асыруда аянбай еңбек етеміз!
Жаңаша басталған оқу жылы құтты болсын!