Slider

Daily Archives: 09.05.2020

«ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан оқытуды енгізу» вебинары өтті

08.05.2020ж. «Talap» KeАҚ  «ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан оқытуды енгізу» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар Zoom қосымшасында өтіп, еліміздің әр аймағындағы колледждердің оқытушылары мен әскерлерінің басын қосты.

Вебинарды Скакова Жумагуль Ермековна жүргізіп, қашықтықтан білім берулің сандық құралдарына шолу жүргізді. Онлайн кездесу барысында колледжіміздің әдіскері , «Talap» KeАҚ оқу-тренингтік орталығының штаттан тыс тренері Данияр Ергалиулы  «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме бойынша аралық, қорытынды аттестаттаулардың мазмұны және олардың қашықтықтан оқыту шартына сай бейімделуі» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибемен бөлісті.

Вебинарда сондай-ақ әріптес колледж  басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақбота Анарбековна «Қашықтықтан оқыту шартына ТжКБ ұйымдарында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру» тақырыбында техникалық іске асырылу тәжірибесімен бөлісті.

Техникалық және кәсіптік білімі бар маман даярлауда алдыңғы қатарлы технологияларды игеру бойынша әріптестігіміз артып, жұмысымыз нәтижелі бола берсін!

«Қашықтықтан білім беру технологиялары пайдаланылған оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері» вебинары өтті

5 мамыр 2020 жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі облыс көлемінде бірінші болып тәжірибемен бөлісу мақсатында Zoom платформасында «Қашықтықтан білім беру технологиялары пайдаланылған оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда оқу үрдісінің келесідей мәселелік тақырыптары қарастырылды:
– Кәсіби құзыреттіліктерді қашықтықтан игеру (1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша);

– Онлайн тәрбие жұмысы немесе Қашықтықтан оқыту шарттарында оқу үрдісін педагогика-психологиялық консультациялық сүйемелдеу;

– Дене тәрбиесі пәнінің қашықтықтан жүргізілуі;

– Арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізу тәжірибесінен;

 -Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабағын әзірлеудің ерекшеліктері.

Онлайн-кездесуді колледж басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Тлеужанова Марал Карибаевна жүргізді. Мемлекеттік және орыс тіліндегі жасалған баяндамалар әріптестерге құнды да бірегей мәліметтер берді деген ойдамыз.Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалануда оқу үрдісінің компоненттерін жан-жақты қамтып, көрсету мақсатындағы вебинар өз мақсатына жетті деп есептейміз. Онлайн-шараның жаңашыл тұсы осындай қашықтықтан оқыту барысындағы оқу-тәрбие процесіндегі мәселелерді жан-жақты қарастырып, талқылауында болды. Әл-Фарабидің «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қағидасына сүйене отырып, вебинар барысында тәрбие беру мәселелері жөнінде де толыққанды мәліметтер ұсынылды. Вебинарға облыс, республика көлеміндегі оқу орындарынан, оқу-әдістемелік орталықтардан жалпы саны 80-нен астам басшылар және олардың орынбасарлары, оқытушы-әдіскерлер қатысты. Қатысушылар тарабынан оң пікір алған вебинар алдағы уақытта әріптес колледждерден өз жалғасын таппақ. Вебинарға қатысушылар колледждің баяндалған жұмысы жайлы өз ойлары, пікірлері мен ескертулерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ұжымдасып, тәжірибе бөлісу арқылы ғана жұмыс сапасын арттыруға болады. Қарағанды облысының білім басқармасына және Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұжымына, «Талап» КеАҚ, ҚР ҰКП «Атамекен» Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына вебинарды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін және барлық қатысушыларға алтын уақыттарын бөліп, бізбен бірге болғаны үшін алғысымыз шексіз! 

 

Мамыр (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031