Slider

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

2018 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық  колледжінде барлық оқу орындарымен қатар студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Тлеужанова Марал Карібайқызына  берілді.

толық ақпарат »

Салтанатты жиын барысында колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.К.Тлеужанова оқытушыларды, ата-аналарды және колледж табалдырығын алғаш рет аттап отырған І курс студенттерін 1-қыркүйек Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті. Студенттерге жаңа шыңдарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, ал оқытушыларға шыдамдылық, шығармашылық құлшыныс тілей отырып, бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеп, бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын! – деп тілегін жеткізді.

 Сонымен қатар топ кураторлары және Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Үнгітбаева Мейрім Мұхтарқызы және Тәрбие және ғылым ісі жөніндегі директор орынбасары Жолдасова Әсия Ғаниқызы І курс студенттеріне колледждің ішкі тәртіп ережесімен, оқу кестесімен, оқытушылармен таныстырды.Салтанатты жиын Білім күніне белгіленген «Рухани жаңғыру білім саласының көк жиегі», «1-қыркүйек білім күні. Бір халық-бір ел-бір тағдыр» және «Ата заң тәуелсіздік тірегі» атты кураторлық сабақпен жалғасын тапты. Ашық сабақтың мақсаты «Рухани жаңғыру білім саласының көк жиегі» атты жолдауын жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық – бір ел – бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын студенттердің санасына жеткізіп, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыра отырып, Елбасы саясатын насихаттау болды.

ЖИГК ұжымы  Студенттердің білім жолына басқан алғашқы тың қадамдарына сәттілік тілейміз!

Comments are closed.

Шілде (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031