Тәрбие бөлімі

Жолдасова Әсия Ғаниқызы

 

 

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің тәрбие және ғылым істер жөніндегі директор орынбасары

Жолдасова Әсия Ғаниқызы

Байланыс телефоны: 8(7102) 76-22-70, 8 777 903 77 34

                         Е-mail: assiya.asi@mail.ru                                  

Мекен-жайы: Байқонырова к-сі, 123 үй,  №1 оқу ғимараты, 211-кабинет.

 

 

 

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің тәрбие бөлімінің жұмысы

Жеке тұлғаның адамгершілігі мол, жаны сұлу, жан-жақты дамуына, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби біліктілікті меңгеруіне, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігінің артуына, мәдениеті жетілген, тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне үлес қоса алатын маман даярлауға тиімді жағдай туғызу.

Колледждің тәрбие жұмысы міндеттері:

– өздері өмір сүріп отырған қоғам құндылықтарын студенттердің терең зерделенуіне мұрындық болу;

– студенттердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуына, құқықтық тәртіп пен Заңға деген құрметтің нығаюына, адами болмыс-бітімнің берік орнығуына тәрбиелеу;

– ұлттық мәдениетке, Қазақстандық патриотизмге, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеру қажеттілігіне тәрбиелеу;

– еңбек сүйгіштікке, өмірге бейімделу барысында өзін-өзі жетілдіруге, кәсіптік шеберлікке баулу, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау;

– студенттердің өз денсаулықтарына саналы түрде мән беруіне, олардың ақыл-ой, күш-жігері, еңбек және адамгершілігі тұрғысынан жан-жақты қалыптасуына ықпал ету;

– жастардың әлеуметтік маңызды бастамасын жүзеге асыру, қоғамның мәдеи тыныс-тіршілігіне араластыру;

Күтілетін нәтиже:

Колледждегі жүргізілген барлық тәрбие үрдістерінің нәтижесінде жоғарғы кәсіби біліктілікті, адамгершілігі мол, әлеуметтік белсенділігі жетілген, мақсат-мұраты биік жеке тұлға қалыптасады.

Бұл жалпы сипаттама жеке тұлға ретіндегі колледжді бітіруші студенттің бойындағы төмендегідей қасиеттерді айқындайды:

– адамгершілік асыл қасиеттері жоғары болып, азаматтық құндылықтарды меңгереді;

 – өз мамандығының әлеуметтік маңызы мен мәнін нақты түсінеді;

– өзінің ішкі жан дүниесінің бай болуына мән беретін, өз қабілетінің дамуына, үздіксіз жетілуіне үнемі қызығушылық танытады;

– адам өміріндегі ең ажырағысыз бөлігінің еңбек екеніне көзі жетіп, таңдаған мамандығына іскерлікпен кіруге әрқашан даяр;

– өз денсаулығының баға жетпес байлық екеніне көзі жетеді және өзінің күш-жігерін ұдайы жетілдіреді.

Тәрбие жұмысын жүргізуде басшылыққа алынатын құжаттар:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;

– ҚР «Білім туралы» Заңы;

– «Тәрбие берудің Концептуалды негіздері»;

– «Қазақстан Республикасында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы»;

– «Қазақстан-2050 стратегиясы» және т.б. құқықтық-норимативті құжаттар.

Колледждің тәрбие жұмысында төмендегідей ішкі нормативтік құжаттар қолданылады:

– П ЖИГК 09 «Тәрбие жұмысы туралы Ереже»;

– ПРО ЖИГК 604-14 «Тәрбие жұмысының процедурасы»;

– П ЖИГК «Колледж студенттерінің Ішкі тәртіп Ережесі»;

– ДИ ЖИГК 03.14-14 «Тәрбие және ғылым істері жөніндегі директор орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы»;

– Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 2014-2019 оқу жылдарына арналған Стратегиялық даму жоспары;

Колледжде мамандар дайындауда тек терең кәсіби білім беру ғана емес, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ, жан-жақты тұлға қалыптастыру жолға қойылған. Тұлғаны қалыптастыруда тәрбие берудің түрлі әдіс-тәсілдері мен құралдарын кеңінен пайдалана отырып, заңнамалық тұрғыда реттеліп отырады.

Колледждегі тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асады:

– қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие;

– интернационалдық және патриоттық тәрбие;

– рухани, мәдени-эстетикалық және этномәдени тәрбие;

– студенттің шығармашылық және ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамыту;

– экономикалық-құқықтық және әлеуметтік жұмыстар;

– салауатты өмір салтын насихаттау және көпшілік спорт түрлерін дамыту.

2018-2019 оқу жылында оқу топтарының саны – 55 топты құрайды. Оқу топтарындағы тәрбие жұмысын сол топқа бекітілген топ жетекшілері жүргізіп отырады. Тәрбие жұмыстарын жүргізуде топ жетекшілері төмендегідей бөлімдер көрсетіліп, бекітілген жоспарларына сәйкес жүзеге асырады:

– Ата-аналармен жұмыс;

– Студенттердің сапалық үлгерімін жетілдіру бойынша жұмыстар;

– Студенттердің жеке қасиеттерін қалыптастыру бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстары;

– Таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру бойынша жұмыстар;

– Ұйымдастыру жұмыстары.

Қазіргі таңда топ жетекшілері оқу топтарында жан-жақты жұмыс жүргізе отырып, тәрбиелік іс-шаралар, ағымдағы аттестация бойынша үлгермеушілермен жұмыс, студенттердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Оқу жылының басынан бастап оқу топтарында патриоттық, рухани, экологиялық, этномәдени, танымдық-интеллектуалдық, мәдени-эстетикалық т.б. түрлі бағыттардағы тәрбие сағаттары өткізілді:

Колледждегі студенттердің күнделікті өмірін сан түрлі және қызықты өткізу үшін қоғамдық шаралар, фестивальдер, мейрамдар өткізіп, спорттық секциялар мен шығармашылық ұжымға тарту көзделген.

Студенттердің ортада өзін-өзі танып, өзін-өзі жетілдіріп, олардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында колледжде қосымша білім беру көздері қарастырылып отыр. Осыған орай колледже, түрлі үйірмелер мен көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс жасайды. Бұл – студенттердің бос уақытын ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Студенттерді физиологиялық тұрғыда жетілдіру бойынша да біршама істер қолға алынған. Түрлі спорт секциялары да осы мүддені көздеп отыр.

Бүгінгі таңда оқу орны студенттерге толыққанды тәрбие беру құралдарымен толық қамтылған. Оқу-тәрбие үдерісі қазіргі таңдағы педагогикалық технологиялардың талаптарына жауап бере отырып, тәрбие жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына өз септігін тигізіп отыр.

Қыркүйек (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Шіл    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30