Қабылдау тәртібі туралы

2018-2019 оқу жылына оқуға

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.Жалпы ережелер

1. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің (бұдан былай Колледж) қабылдау комиссиясы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілде (09.04.2016 жыл берілген өзгерістер мен  толықтыруларымен)   заңына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 587 «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде кәсіби оқу бағдарламасын пайдаланатын білім беру мекемелерінде оқуға қабылдау Типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтар №130 қаулысымен бекітілген оқуға қабылдау туралы осы  Ережелерді, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім мен ғылым министрінің 2015 жылғы                     14 сәуірдегі №200 бұйрығы мен 2015 жылғы 6 тамыздағы №107-1346, 2015 жылғы 9  қыркүйекте №943 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен оқуға қабылдаудың тәртібін басшылыққа алады.

2.Колледжге негізгі орта білімі (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы) білімі, техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады. 

3.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  4-бабының 24-1 тармақшасын және 26-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің  ҚАУЛЫсы бойынша:

  1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері:

1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз;

4.Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі,  жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын Колледждің қабылдау комиссиясы белгілейді.

Колледж типтік Ережелерге сәйкес және Облыстық білім басқармасымен келісе отырып, өзінің нақтылы оқуға қабылдау Ережелерін әзірлейді.

2.Колледжге оқуға қабылдаудың тәртібі.

Құжаттарды  қабылдауды ұйымдастыру мен  түсу емтихандарын өткізу.

5.Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін, Колледж директоры, өз жұмысын 1 маусымнан  бастайтын  Қабылдау комиссиясын құрады.

Қабылдау комиссиясының құрамына төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

6.Колледжге қабылдау комиссиясының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру қалалық, аудандық білім бөлімі басшыларының келісімі бойынша шешіледі. 

7.Оқуға түсушілерді қабылдау  нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе колледждің интернет-саиты арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады, сондай-ақ, қабылдауды ұйымдастыру және нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндіз қабылдау комиссиясының шешімдері, емтихан кестелері, оқуға қабылдаудың мерзімі мен нәтижесі оқуға түсушілерге дер кезінде хабарландырылып  отырады.    

8.Колледжге оқуға азаматтардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау:

– күндізгі оқу түріне  20 маусымнан 20 тамызға дейін;

– сырттай оқу түріне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

9.Колледжге түсуші талапкерлер оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттарды  ұсынады:

– білімі туралы құжаттың түп нұсқасы;

– №086 У  формасындағы медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер, бала жасынан мүгедектер медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын ұсынады);

–  3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;  

–  жеке басын куәландыратын құжаттарды талапкердің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынуы тиіс тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқынның куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары  бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

10.Колледжге түсушілердің қабылдау емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін  оқу бағдарламалары бойынша  және:

1) жалпы орта білімі бар азаматтар үшін  қабылдау емтихандары  үш пән бойынша  (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі жалпы білім бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша  (қазақ немесе орыс тілі және бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі  (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша талапкерлерге арналған түсу емтихандары  әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық  және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін  пәндер тізбесі осы Ережелердің қосымшасына сәйкес айқындалады. Мысалы, жалпы орта білімі бар азаматтар үшін  қабылдау емтихандары  үш пән бойынша: 

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізіндегі негізгі орта білім (жалпы негізгі) 11 сынып негізіндегі орта білім (жалпы орта)
0103000 Дене тәрбиесі және спорт

0103023 – Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Шығармашылық емтихан  Шығармашылық емтихан
 0105000 Бастауыш білім бер

0105013 –Бастауыш білім беру мұғалімі

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).    

 

1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).

0512000 Аударма ісі

0512013 – Аудармашы

1. Қазақ (орыс) тілі      

2. Ағылшын тілі  (мамандық бойынша бейінді пән).    

1.Қазақ (орыс) тілі       2. Қазақстан тарихы

3. Ағылшын тілі  (мамандық бойынша бейінді пән).   

0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)

0518023 – Бухгалтер-ревизор (аудитор)

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

0902000 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

 090203 3 – Техник-электрик

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).   1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).

090202 2 – Тарату құрылғыларының электр жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарі 1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).    1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

0601000 Стандарттау, метрология және сертификаттау

060101 3 – Стандарттау технигі

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).   1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

1108000 Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

110801 2 – Вагон қараушы слесарі

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).    

 

1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

110803 2 – Жылжымалы құрамдарды жөндеу дәнекерлеуші
1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

120112 3– Техник-механик

1.        Қазақ (орыс)  тілі

  1. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).
1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

120106 2 – Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик
1203000

 

 

 Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

120309 3– Тасымалдауды ұйымдастырушы техник

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).    

 

1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

120302 2 – Орталықтандырылған станса бекетінің кезекшісі
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

130202 3 – Электромеханик

130201 2 – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

 

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

 

1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән). 

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

130404 3 – Техник-бағдарламашы

130408 2 – Электрондық-есептеу машиналарын баптаушы

1. Қазақ (орыс) тілі                                        2. Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).    

 

1.Қазақ (орыс) тілі                                        2. Қазақстан тарихы

3.Математика  (мамандық бойынша бейінді пән).  

1306000 Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша)

130609 3– Байланыс технигі

1.Қазақ (орыс) тілі                            2.Математика (мамандық бойынша бейінді пән). 

 

1.Қазақ (орыс) тілі      2. Қазақстан тарихы

3. Физика (мамандық бойынша бейінді пән). 

 

130601 2 – Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер

 11.Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша колледжге оқуға түсетін тұлғалар Колледж бекіткен бағдарлама бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырады.

Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.

Колледжде қабылдау емтихандары тест бойынша өтеді, сонымен қатар колледжге түсушілердің қабылдау емтихандарын өз таңдауларына  қарай қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруға құқығы бар.

Колледжге мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын күндізгі және сырттай оқыту бөлімдеріне мынандай мамандықтар бойынша қабылдау жүзеге асырылады:

1

 

0103000 – Дене тәрбиесі және спорт

0103023 – Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

«Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру нұсқаушысы»

жұмысшы біліктілігі қосымша беріледі.

9 сынып негізінде-   3 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   2 жыл 10 ай.

8

 

1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

120112 3– Техник-механик

Қосымша В, ВС категориялы жүргізуші куәлігі беріледі

9 сынып негізінде-   3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде -2 жыл 10 ай.

2 0105000 – Бастауыш білім беру

0105013 –Бастауыш білім беру мұғалімі

«Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімі» жұмысшы біліктілігі қосымша беріледі.

9 сынып негізінде-   3 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   2 жыл 10 ай.

120106 2 – Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 10 ай.

1201072 –  автомобиль жөндеуші слесарі

на базе 9 классов 2 года 10 мес;     на базе 11 классов  10 мес

3 0512000 – Аударма ісі ( қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі).

0512013 – Аудармашы

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

9

 

 1203000 – Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

120309 3– Тасымалдауды ұйымдастырушы техник

9 сынып негізінде-  3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

4 0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша)

0518023 – Бухгалтер-ревизор (аудитор)

Қосымша «1С – Бухгалтерия» сертификаты беріледі.

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

120302 2 – Орталықтандырылған станса бекетінің кезекшісі

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

5

 

0902000 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

 090203 3 – Техник-электрик

«Әуелік байланыс желілерінің жөндеуші электромонтеры» қосымша жұмысшы-кәсіптік мамандандырылған дәрежесі               (ІІІ разрядтан төмен емес) беріледі.

9 сынып негізінде-   3 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   2 жыл 10 ай.

10

 

1302000 – Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

130202 3 – Электромеханик

9 сынып негізінде-  3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

090202 2 – Тарату құрылғыларының электр жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарі

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

130201 2 – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

9 сынып негізінде- 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде –  1 жыл 10 ай.

6 0601000 –Стандарттау, метрология және сертификаттау

060101 3 – Стандарттау технигі

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

11

 

1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

130404 3 – Техник-бағдарламашы

«Тестілеуші» жұмысшы біліктілігі беріледі.

9 сынып негізінде-  3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.

7 1108000 – Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

1108183 – Техник-электромеханик

9 сынып негізінде-   3 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   2 жыл 10 ай.

130408 2 – Электрондық-есептеу машиналарын баптаушы

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 10 ай.

110801 2 – Вагон қараушы слесарі

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 10 ай.

12

 

1306000 – Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша)

130609 3– Байланыс технигі

9 сынып негізінде- 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде –  1 жыл 10 ай.

110803 2 – Жылжымалы құрамдарды жөндеу дәнекерлеуші

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 10 ай.

110805 2 – Жолаушылар пойызының жолсерігі

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   10 ай.

1306052 – Монтажник связи – кабельщик

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 10 ай.

110806 2 – Тепловоз машинисінің көмекшісі

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

130601 2 – Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 10 ай.

110811 2 – Тепловоз машинисті

9 сынып негізінде-   2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

  13 0705000- Пайдалы  қазбалардың кен орындарын жер асты өңдеу

0705072 «Тау-кен қазбаларын жөндейтін  тау-кен жұмысшысы»

070502 2 «Жер асты тау-кен  жұмысшысы»
070514 1 -Үңгілеуші

12.Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін  Колледжге оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыздан 28 тамыз аралығында, ал  сырттай оқу бөлімінде 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында,

Өнер мен мәдениет мамандықтары бойынша  арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында  өткізіледі. 

            Тестілеу өткізу кезінде:

  • Тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тестілік тапсырмаға берілген дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
  • Үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут,  ал екі пән бойынша тестілеуге – 1 сағат 30 минут  бөлінеді.

            Дұрыс жауаптардың коды тестілеу аяқталғаннан кейін жедел түрде арнайы тақтаға ілініп қойылады. Тестілеудің нәтижелері емтихан өткізілген күні хабарланады.

13.Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және  тест тапсырмаларын  (сұрақтарын) бағалау мен пәндер бойынша емтихан кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апеляяция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижесімен  келіспеген азаматтардың шағым беру құқығы  бар.

Апелляцияға өтініш тестілеу  немесе түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін, апелияциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен шағым апелляциялық комиссияда қаралады.

14.Пәндер бойынша қабылдау емтиханын немесе тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

3.Білім алушылар құрамына қабылдау

15.Колледжде білім алуға талапкерлерді қабылдау конкустық негізде азаматттардың өтініштері  бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ)  берілген сертификаттарының балдары негізінде; ҚР жоғары оқу орындарына түсу үшін  кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының  нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;

пәндер бойынша немесе колледжде жүргізген тестілеу нысаны бойынша алынған балдар негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Ережелердің 10 тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына  қатысуға;

  • негізгі жалпы білімі алған талапкерлер үшін екі пәннен тиісті екі пәннен  20 балдан кем балл  жинаған  жағдайда және білім, құқық, экономика  мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
  • жалпы орта білім алған талапкерлер үшін тиісті үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем балл жинаған жағдайда жіберілмейді.

Конкурстың шарттары азаматтардың білім алу құқығын сақтауға кепілдік беруге және қабілетті  және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуі тиісті.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

күндізгі оқу бөліміне-25 тамыздан бен 30 тамыз аралығында,

сырттай оқу бөліміне-15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгіорта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі.

16.Колледжге қабылдау мамандықтар, бөлімдер, оқыту тілдері бойынша жеке-жеке қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жүргізіледі.

Қыркүйек (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Шіл    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30