Slider

Сәт сапар, Жас маман!

29.06.2019ж. қаламыздың Қ.И.Сатбаев негізін қалап кеткен кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан сәулеті мен сәні жарасқан «Ротонда» демалыс жағажайында Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжін бітіруші түлектерге Диплом табыстау кеші өтті.

ЖИГК – бұл барлық дерлік мамандықтары бойынша студенттерді мемлекеттік тапсырыспен, «Серпін-2050» бағдарламасымен оқытатын колледж халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредитациялардан өтіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапалық деңгейін тұрақты көрсетіп келе жатқан республика шеңберіндегі алдыңғы қатарлы колледж! Колледждің заманауи материалдық-техникалық базасы және білікті оқытушылары еңбек нарығының талаптарына сай кадр дайындау мақсатында оқыту мен өндірістік тәжірибенің озық технологияларын сәтті енгізуде.

2018-2019 оқу жылында 400-ден астам түлек 13 мамандықтың 28 біліктілігі бойынша оқуды аяқтады. Түлектерінің еңбекпен қамтылуы қазірдің өзінде 65%-ды құрайды.

Жайдарлы жағалаудағы Диплом табыстау кешіне колледждің әлеуметтік серіктестері – Мысты өңірдің жетекші мекемелерінің басшылары мен өкілдері қонақ ретінде келіп, жас мамандарға сәтті де табысты қызмет жолын тіледі.

Түлектеріміздің өмірлік жолы нұрлы болсын! Тандаған кәсіптерінің жемісін көріп, қызмет баспалдағымен өрлеп, Еңбек қоғамының беделді де белсенді мүшесіне айналсын!

Сәт сапар, жас маман!

Comments are closed.

Шілде (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031