Оқу бөлімі

Садуакасова Асыл Жетпісбайқызы

 

 

 

 

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі – Садуакасова Асыл Жетпісбайқызы біліктілігі жоғары санатты оқытушы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің қалануынан бастап қызмет атқарып келе жатқан беделді оқытушылардың бірі.

 

 

 

 

Оқу бөлімі – Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің құрылымдық бөлшегі.  Оқу бөлімі күндізгі және сырттай болып екіге бөлінеді.

Оқу бөлімінің негізгі мақсаттары: оқытушылардың біліктілігін арттыру, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бұл мақсаттарды орындауда  оқу бөлімі жұмыс жоспарына сүйенеді.

Оқу бөлімінің негізгі бағыттары мынадай:

  • колледждегі білім беру қызметін  оқу жоспары мен білім бағдарламасына сәйкестендірілген  нормативті құжаттарына негіздеп ұйымдастыру;
  • оқытудың ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік үдерісін жетілдіру;
  • білім беру стандарты талаптарының орындалу барысын қадағалау, түлектердің тандаған мамандықтары бойынша кәсіби біліктіктерін жетілдіру;
  • оқу үдерісінің негізін құрайтын нормативті және әдістемелік құжаттарды барлық талаптарға сәйкес орындау;

Оқу бөлімі жұмысының негізгі міндеттері:

  • сабақтардың тиімділігін жетілдіру, өндірістік, оқу тәжірибелерін қадағалау, аттестация уақытын жаңашыл әдістердің көмегімен жоспарлау арқылы оқу бөлімінің үдерісін қарқындату;
  • білім стандартын,  әр мамандық бойынша дайындалған оқу жоспары мен  оқу бағдарламасын, өндірістік және оқу тәжірибелерін  нығайтуға ықпал ету ;

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің негізгі функциялары:

  • колледждегі білім беру қызметін ұйымдастыру;
  • білім беру үрдісінің тиімділігін және білім сапасын арттыру;
  • колледж бөлімшелеріндегі білім беру жұмысын үйлестіру;
  • емтихан сессияларының өткізілуін, қорытындыларын  қадағалау;
  • бөлімшелердің білім беру қызметіне бақылау жасау, қадағалау және талдау.
  • оқу үдерісін ұйымдастыру жоспарлау және қадағалау;
  • жаңа оқу жылының кестесін құру;
  • оқыту формалары, мамандықтары және курстары бойынша  бөлім меңгерушілерінің құрған жоспарларын үйлестіру;
  • оқу үрдісін және мамандар даярлау бойынша бақылау жоспарын әзірлеу;
  • білім беру үрдісіне сараптама жасау;

Күндізгі  және сырттай оқу бөлімінің оқу үдерісін ұйымдастыру ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес жүзеге асады және оқу жұмыс жоспарымен, оқу үрдісінің кестесімен, мамандық бойынша сабақ кестесімен реттеледі.

Оқу жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалады.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің негізгі оқу сабақтарының түрлері : сабақ, дәріс, семинар, тәжірибешілік сабақтар, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, өздік жұмыс, кеңес, тәжірибе және курстық жұмыс.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің оқушылары құқылы :

  • Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
  • қосымша, оның ішінде ақылы білім қызметтерін қолдануға ;
  • жатақхана орнымен қамтамасыз етілулеріне.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде  мемлекетттік және орыс тіліндегі мемлекеттік тапсырысқа негізделген  ақылы нысандағы келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлау жүзеге асырылады:   

Мамандықтар атауы Біліктілігі Уақыты
1 0103000 – Дене тәрбиесі және спорт

 

0103023 – Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

«Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру нұсқаушысы»

жұмысшы біліктілігі қосымша беріледі.

9сынып негізінде- 

3 жыл 10 ай,    

11сынып негізінде –  2 жыл 10 ай.

 

2 0105000 – Бастауыш білім беру

 

0105013 –Бастауыш білім беру мұғалімі,

 «Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімі» жұмысшы біліктілігі қосымша беріледі.

9сынып негізінде-  

3 жыл 10 ай,      11сынып негізінде –   2 жыл 10 ай.

 

3 0512000 – Аударма ісі (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі). 0512013 – Аудармашы 9 сынып негізінде-  

2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде –  

1 жыл 10 ай.

4 0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша) 0518023 – Бухгалтер-ревизор (аудитор)

Қосымша «1С – Бухгалтерия» сертификаты беріледі.

9 сынып негізінде- 

2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде –  

1 жыл 10 ай.

5 0601000 –Стандарттау, метрология және сертификаттау 060101 3 – Стандарттау технигі 9 сынып негізінде-  

2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде –   1 жыл 10 ай.

6 0705000- Пайдалы  қазбалардың кен орындарын жер асты өңдеу 0705072 «Тау-кен қазбаларын жөндейтін  тау-кен жұмысшысы» 9 сынып негізінде-  

2 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде-1 жыл 10ай.

7 070502 2 «Жер асты тау-кен  жұмысшысы» 9 сынып негізінде-  

2 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде-1жыл 10ай.

8 070514 1 -Үңгілеуші 11 сынып негізінде-10ай.
9 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

 

 

090203 3 – Техник-электрик

«Әуелік байланыс желілерінің жөндеуші электромонтеры» қосымша жұмысшы-кәсіптік мамандандырылған дәрежесі           

(ІІІ разрядтан төмен емес) беріледі.

9 сынып негізінде-  

3 жыл 10 ай,    

 11 сынып негізінде –  

2 жыл 10  ай.

10 090202 2 – Тарату құрылғыларының электр жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарі 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде – 

1 жыл 10 ай.

11 1108000 – Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) 1108183 – Техник-электромеханик

 

9 сынып негізінде- 

 3 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде –  2 жыл 10 ай.

12 110801 2 – Вагон қараушы слесарі  

 

9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,    

11 сынып негізінде – 10 ай.

13 110803 2 – Жылжымалы құрамдарды жөндеу дәнекерлеуші 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде -10 ай.

14 110805 2 – Жолаушылар пойызының жолсерігі 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде -10 ай.

15 110806 2 – Тепловоз машинисінің көмекшісі 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде-10 ай.

16 110811 2 – Тепловоз машинисті 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде-1 жыл 10 ай.

17 1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 120112 3– Техник-механик 9 сынып негізінде- 

 3 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде –

2 жыл 10 ай.

18 120106 2 – Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде10 ай.

19 1201072 –  автомобиль жөндеуші слесарі

 

9 сынып негізінде-

 2 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде –

1 жыл 10 ай.

20  1203000 – Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 120309 3– Тасымалдауды ұйымдастырушы техник 9 сынып негізінде- 

3 жыл 10 ай,

 11 сынып негізінде –

2 жыл 10 ай.

21 120302 2 – Орталықтандырылған станса бекетінің кезекшісі 9 сынып негізінде- 

 2 жыл 10 ай,     

11 сынып негізінде –  

1 жыл 10 ай.

22 1302000 – Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

 

130202 3 – Электромеханик 9 сынып негізінде- 

3 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде –

2 жыл 10 ай.

23 130201 2 – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі 9 сынып негізінде- 2 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде – 

1 жыл 10 ай.

24 1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 130404 3 – Техник-бағдарламашы «Тестілеуші» жұмысшы біліктілігі беріледі. 9 сынып негізінде- 

3 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде –

2 жыл 10 ай.

25 130408 2 – Электрондық-есептеу машиналарын баптаушы 9 сынып негізінде- 

2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде -10 ай.

26 1306000 – Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша) 130609 3– Байланыс технигі 9 сынып негізінде- 2 жыл 10 ай,

11 сынып негізінде –

 1 жыл 10 ай.

27 130601 2 – Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер 9 сынып негізінде-  

2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде -10 ай.

28 1306052 – Монтажник связи – кабельщик

 

9 сынып негізінде-  

2 жыл 10 ай,      11 сынып негізінде 10 ай.

Мамандарды даярлауды жоғары білікті педагогикалық кадрлар жүзеге асырады.

Оқыту кезінде қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологиялар пайдаланылады.

Күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары сапалы білім алулары үшін заманауи техникалық әдебиетпен қамтылған кітапхана қарастырылған. Колледж әкімшілігі оқу үдерісінің әртүрлі әдістері мен формалары, контингенттің сақталуына үлкен мән береді. Білім алушыларға қосымша кеңес беру өткізіледі.

Шілде (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031