СЕРПІН-2050

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жас­тар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. 

Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Аталмыш бағдарлама аясында, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің қабылдау комиссиясы 2015-2016 оқу жылынан «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша белгіленген аймақтарға кәсіби-бейімдеу жұмыстарын жүргізіп, іс-шаралардың жоспарын құрып, студенттерді қабылдау үшін бірқатар шараларды  өңірлерде колледж директоры және қабылдау комиссияының жауапты хатшысының басшылығымен кәсіби-бейімдік жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 2015-2016 оқу жылында 0601000-«Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы, 060101 3 – стандарттау технигі біліктілігі бойынша  Қызылорда облысы, ОҚО және Алматы облысынан  барлығы  – 25 талапкер  колледжімізге 11 сынып негізінде  қабылданды.

2016-2017 оқу жылында 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығы, 130404 3 – техник-бағдарламашы біліктілігі бойынша  Қызылорда облысы, ОҚО және Алматы облысынан  барлығы  – 20 талапкер Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжіне 11 сынып негізінде  қабылданды.

Бүгінгі танда  0106000-Стандарттай, метрология және сертификаттау мамандығын – 25 студент толық оқуын тамамдап,  Қазақстан Республикасының өңірлерінде жұмыс атқарып жатыр, атап кететін болсақ  Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде  үздік дипломмен тәмәмдаған: Қойшығұл Ержан Ғаниұлы – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Сарыарқа ұландары» КТК командасының жетекшісі және Жәми Гүлжауһар Ерханқызы  – колледж кітапханысының меңгерушісі болып жұмыс атқаруда.

Шілде (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031