Сапа менеджмент жүйесі

Сапа аумағындағы саясат

  Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуін қалыптастыратын және білім беру қызметтері кешенін көрсетуден озат болуға тырысатын, жоғары педагогикалық кадрлары, заман талабына сай материалды – техникалық және оқу-методикалық қоры мол Жезқазған аумағындағы техникалық және  кәсіби білім беру оқу орындарының ішіндегі ірілерінің бірі.

  Колледждің сапа аумағындағы саясаты мемлекеттік жалпыға бірдей стандартының талаптарына сай білім беру қызметінің деңгейінің және сапасының тұрақты жақсаруына бейімделген.

 Жүйелі және үрдісті басқару негізінде колледж тұтынушыларының шығармашылық дамуы үшін жағдайлар жасай отырып, білім беру үрдісінің тұрақты жетілдіруіне инновациялық технологиялар енгізу арқылы сапа менеджмент жүйесінің нәтижелігін жақсартуды жобалайды.

 Колледж ИСО 9001:2015 халықаралық стандартының негізін қалаушы талаптарына негізделе отырып, өзара ынтымақтастық негізінде өз тұтынушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға тырысады.

  Колледж басшылығы сапа менеджмент жүйесінің тұрақты жақсару мақсаттарының, бағыттарының және әдістерінің бірлігін қамтамасыз етеді, қызметкерлердің кәсіби дамуына қолайлы жағдайлар жасай отырып,сәйкесінше қажетті қорлармен қамтамасыз етеді және өз шешімдерін нақты ақпараттардың әділ талдануы негізінде қабылдайды.

  Колледж қызметкерлері білім беру қызметінің сапа аумағындағы колледж жұмыстарының білікті және толық құқылы қатысушылары болып табылады. Өз жұмыстарын жауапты әрі мақсатты атқара отырып, оқытушылар студенттердің  білім деңгейін жоғарлатуға және жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге тырысады.

ЖИГК ұраны: «Білім сапасы – біздің негізгі бағытымыз!»

Шілде (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031