ЖББ және ӘҒ

Жабаспаева Айгерим Нұрланқызы

 

 

 

 

«Жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК 2003 жылы негізі қаланған. ПЦК төрайымы Жабаспаева Айгерим Нұрланқызы, химия және биология пәндерінің ұстазы

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: ПЦК оқытушыларының жұмысын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды біріктіру арқылы  білім алушылардың  ортақ құзыреттіліктерін    қалыптастыру мақсатында ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын, электронды оқулықтар және т.б дайындау және жетілдіру;
  • Оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, «ZIAT» ОӘО ұйымдастыруымен қашықтықтан өтетін конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
  • Оқытушылардың педагогикалық және әдістемелік шеберліктерін дамыту және жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында шеберлік-сабақтарын ұйымдастыру;
  • Оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету, білім беру және сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі қолдану;
  • Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамстамасыз ету: оқу-әдістемелік кешендер дайындау және жүзеге асыру;
  • Оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін және оқыту әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
  • Оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру;
  • Оқу-тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

ПЦК жұмыс түрлері:

  • Бекітілген жоспар бойынша ПЦК отырысында күн тәртібіндегі сұрақтарды үнемі талқылап отыру;
  • Жұмыс оқу бағдарламаларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды дайындауда және нормативтік құжаттармен жұмыс жасауда жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
  • Оқытушылардың өз ара сабақа қатысуы, ашық сабақтар өткізу;
  • Пәндік апталықтар, олимпиадалар т.б. сайыстар өткізу.

ЖБ және ӘГП ПЦК -29 оқытушы бар, олардың тарих ғылымының кандидаты -1, жоғары және бірінші санатты оқытушылар саны – 17, бұл жалпы оқытушылар санының 58% ,  ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері- 2, магистр-4, қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.  Оқытушылардың орта жас есебі бойынша 34 жас.

 «Жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық»  пәндер-циклдық  комиссиясының төрайымы Жабаспаева Айгерим Нұрланқызы, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК түлегі, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын тәмамдаған. Айгерим Нұрланқызы көптеген ғылыми конференциялар мен жобаларға қатысады. Мысалы, 1-курс студенттері арасында жаратылыстану ғылымдары негізінде үш тілде  «Жаратылыстану ғылымының әлемінде» атты интеллектуалды ойын өткізді, ЖИГК колледж ұстаздарының арасында өткен «Үздік оқытушы» конкурсында бірінші орын иегері. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Чехия республикасынан келген профессор Павел Войтчектің «Стереохимия» атты лекциясын тыңдап, экзамен тапсырды және сертификатқа ие болды. 

Қыркүйек (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Шіл    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30