Оқу жұмыс жоспары

ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Колледжде студенттердің білім алу үрдісі мамандықтар бойынша Жұмыс оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Жұмыс оқу жоспары ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес келесі нормативтік құжаттардың негізінде құрастырылған:

– Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы);

– Техникалық және кәсіптік білім берудегі мамандықтар тізімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына сәйкес;

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Техникалық және кәсіптік білім берудегі сұрақтарымен жұмыс жасайтын Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылған және ұсынылған Техникалық және кәсіптік білім берудің  типтік оқу жоспары және білім беру бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыс оқу жоспары колледждің ПЦК кеңесінде, әдістемелік кеңесте қарастырылып,  әлеуметтік серіктестермен және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен келісіліп және колледж директорымен бекітіледі.

 

Қараша (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Шіл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930