Колледж тарихы

Колледж тарихынан…

Атауы, меншік түрі: «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ
Директор: Тлеужанова М.К. –тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері, біліктілігі жоғары санатты оқытушы
Заңды мекенжайы: 100600, Қарағанды облысы,Жезқазған қ, Байқоңыров к,123,  № 1-оқу ғимараты
 Мемлекеттік лицензиясы: Мемлекеттік лицензияның сериасы – АА №0009842, 17.06.2003 ж,   29.06.2009 жылы №0039679 болып, қайта рәсімделді.
Сапа менеджмент жүйесі:  «Қазақстан сапа орталығы» ЖШС берген 24.07.2015 ж. № KZ7500729.07.03.02867 сәйкестік сертификаты 
Қазақстан Республи касы Білім және ғылым министрлігі нің  соңғы аттестат тау мерзімі Қарағанды облысы білім беру саласын бақылау Департаментінің 29.10.2012 жылғы № 130 бұйрығына сәйкес, 22-27.10.2012 жылы

өткен мемлекеттік аттестаттаудың шешімі

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстан агенттігі Институционалдық аккредиттеу туралы куәлік (12.12.2016-10.12.2021 жж.)

       Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 13.06.2003 жылғы №420-бұйрығы негізінде құрылған. Білім беру қызметіндегі мемлекеттік лицензияның сериасы АА №0009842,   29.06.2009 жылы №0039679 болып, қайта рәсімделді.

Қазіргі таңда колледжде 12 мамандық даярлануда. 5 пәндік-циклдік комиссия бойынша бұл мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары, тәжірибелі оқытушылар  сабақ береді. Бүгінгі күні аталған мамандықтар бойынша 1000-нан аса студент мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алуда. Колледжде көптеген жеңілдіктер қарастырылған, бюджеттік орындар бар.

2009 жылдан бастап Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде ИСО 9001:2009 стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесі енгізілген. Жыл сайын «Қазақстан сапа орталығы» ЖШС-нен арнайы өкілі бақылау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша колледжде сапа менеджмент жүйесі жақсы жолға қойылған. 2015 жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі ҚР СТ ИСО 9001:2009 талаптарына сай қайта сертификаттаудан сәтті өтіп, сертификатқа ие болды. 

2013-2014 оқу жылынан бастап, Жаңаарқа ауданының Атасу поселкесінде Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің бөлімшесі ашылды. Республика және аймағымыздың сұранысына орай оқу орнында мынадай техникалық мамандықтар саны артуда: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»,«Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»,«Радиоэлектроника және байланыс» (түрлері бойынша),«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша). Бұдан басқа, колледжде гуманитарлық-педагогикалық, экономикалық бағыт бойынша мамандар даярланады.

2012-2013 оқу жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі лицензиялау талаптарына толыққанды сай деп танылып,  мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, нәтижесінде оқу орнының барлық мамандықтары аттестатталды.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 2014-2019 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму перспективасы көрсетілген Стратегиялық жоспары бар. Жоспардағы негізгі стратегиялық бағыт мыналар: білім беруді ақпараттандыру; білім беру қызметінің сапасы мен бағалау жүйесін жетілдіру; ғылыми жұмысты дамыту; тәрбие жұмысы; материалдық-техникалық базасын жетілдіру; кадрлар саясатын дамыту; ЖИГК-нің әкімшілік, экономикалық,өндірістік қызметін жетілдіру.

Біздің бітіруші түлектеріміз жыл сайын ҚР БҒМ-нің «Техникалық және кәсіптік білім берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен» өткізілетін «Кәсіби дайындық деңгейін бағалау мен біліктілікті алу (КДДББА)» бойынша міндетті қорытынды емтихан тапсыруда білімдерінің жоғары деңгейін көрсете алды.

       Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының 15.04.2015 жылғы № 136 бұйрығына сай, 2014-2015 оқу жылы біздің колледж 0902000«Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша) біліктілігі 0902033 «Техник-электрик» мамандығы бойынша дуалдық оқытуды енгізудің сараптамалық жағынан өзін жақсы таныта алды.

2015 жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі «Серпін-2050» – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысты. Қазіргі таңда колледжде аталған бағдарлама бойынша «Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студенттер білім алуда.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі «Жол картасы – 2020» (кадрларды қайта даярлау) мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болып табылады.        

        Бұл оқу орны мамандарды даярлауда аймағымыздың ірі кәсіпорындарымен серіктестікорнаған: қалалық және аудандық білім бөлімдері, «дене тәрбиесі және спорт» бөлімдері, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС, «Жайрем кен байыту комбинаты», НОД-4 АО НК «Қазақстан темір жолы» – Қарағанды жол бөлімшесі, «НК ҚТЖ-Жаңарқа  сигнал және байланыс дистанциясы» АҚ және басқа да Ұлытау-Жезқазған аймағындағы ірі кәсіпорындарымен іскерлік байланыста.

2016-2017 оқу жылында Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстан агенттігі тарапынан акрредиттеуден сәтті өтіп, сертификатқа ие болды.

Колледжде оқытушылар мен студенттер арасында өзара сыйластық, тең дәрежедегі әріптестік, құрмет көрсету қалыптасқан. Мұнда жеке тұлғаның жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

Жалпы алғанда, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде сапалы білім беру қызметін көрсету үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Мамыр (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031