Колледж туралы

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫНАН…

Атауы, меншік түрі: «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ
Директор: Тлеужанова М.К. –тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері, біліктілігі жоғары санатты оқытушы
Заңды мекен-жайы: 100600, Қарағандыоблысы,Жезқазған қ, Байқоңыров к,123,  № 1-оқу ғимараты
Мемлекеттік лицензиясы: Мемлекеттік лицензияның сериасы – АА №0009842, 17.06.2003 ж,   29.06.2009 жылы №0039679 болып, қайта рәсімделді.
Сапа менеджмент жүйесі: «Қазақстан сапа орталығы» ЖШС берген 24.07.2015 ж. № KZ7500729.07.03.02867 сәйкестік сертификаты
Қазақстан Республи касы Білім және ғылым министрлігі нің  соңғы аттестат тау мерзімі Қарағанды облысы білім беру саласын бақылау Департаментінің 29.10.2012 жылғы № 130 бұйрығына сәйкес, 22-27.10.2012 жылы өткен мемлекеттік аттестаттаудың шешімі
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстан агенттігі Институционалдық аккредиттеу туралы куәлікIA №028,12.12.2016ж., куәліктің жарамдылық мерзімі12.12.2016г.-10.12.2021ж. 
Арнайы мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлікSA №0056/1,02.04.2018ж., куәліктің жарамдылық мерзімі02.04.2018ж.-31.03.2023ж.келесі мамандықтар бойынша:

– 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)»;

– 1108000 – «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)».

Арнайы мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлікSA №0056/2, 02.04.2018 г., куәліктің жарамдылық мерзімі 02.04.2018ж.-31.03.2023ж.келесі мамандықтар бойынша:

– 1201000 – «Автомобиль көлігінетехникалыққызметкөрсету,жөндеужәнепайдалану»;

– 1203000 – «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»;

– 1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша)».

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 13.06.2003 жылғы №420-бұйрығы негізінде құрылған. Білім беру қызметіндегі мемлекеттік лицензияның сериасы АА №0009842,   29.06.2009 жылы №0039679 болып, қайта рәсімделді.

Қазіргі таңда колледжде 13 мамандық, 28 біліктілік бойынша білім берілуде. 5 пәндік-циклдік комиссия құрамындағы бұл мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары, тәжірибелі оқытушылар  сабақ береді. Бүгінгі күні аталған мамандықтар бойынша 1000-нан аса студент мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алуда. Колледжде көптеген жеңілдіктер қарастырылған, бюджеттік орындар бар.

2009 жылдан бастап Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде ИСО 9001:2009 стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесі енгізілген. Жыл сайын «Қазақстан сапа орталығы» ЖШС-нен арнайы өкілі бақылау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша колледжде сапа менеджмент жүйесі жақсы жолға қойылған. 2015 жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі ҚР СТ ИСО 9001:2009 талаптарына сай қайта сертификаттаудан сәтті өтіп, сертификатқа ие болды. 

2013-2014 оқу жылынан бастап, Жаңаарқа ауданының Атасу поселкесінде Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің бөлімшесі ашылды. Республика және аймағымыздың сұранысына орай оқу орнында мынадай техникалық мамандықтар саны артуда: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»,«Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»,«Радиоэлектроника және байланыс» (түрлері бойынша),«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша). Бұдан басқа, колледжде гуманитарлық-педагогикалық, экономикалық бағыттар бойынша мамандар даярланады.

2012-2013 оқу жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі лицензиялау талаптарына толыққанды сай деп танылып,  мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, нәтижесінде оқу орнының барлық мамандықтары аттестатталды.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 2014-2019 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму перспективасы көрсетілген Стратегиялық жоспары бар. Жоспардағы негізгі стратегиялық бағыт мыналар: білім беруді ақпараттандыру; білім беру қызметінің сапасы мен бағалау жүйесін жетілдіру; ғылыми жұмысты дамыту; тәрбие жұмысы; материалдық-техникалық базасын жетілдіру; кадрлар саясатын дамыту; ЖИГК-нің әкімшілік, экономикалық,өндірістік қызметін жетілдіру

Біздің бітіруші түлектеріміз жыл сайын ҚР БҒМ-нің «Техникалық және кәсіптік білім берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен» өткізілетін «Кәсіби дайындық деңгейін бағалау мен біліктілікті алу (КДДББА)» бойынша міндетті қорытынды емтихан тапсыруда білімдерінің жоғары деңгейін көрсете алды.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының 15.04.2015 жылғы № 136 бұйрығына сай, 2014-2015 оқу жылы біздің колледж 0902000«Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша) біліктілігі 0902033 «Техник-электрик» мамандығы бойынша дуалдық оқытуды енгізудің сараптамалық жағынан өзін жақсы таныта алды.

2017 жылдан бастап дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беру үрдісіне колледжіміздегі техникалық мамандықтардың бірі 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» мамандығы да эксперименталды алаң қатарына енді.

2015 жылы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі «Серпін-2050» – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысты. Қазіргі таңда колледжде аталған бағдарлама бойынша «Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студенттер білім алуда, ал 2017 жылы осы бағдарлама аясында 0601000 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша студенттер оқуларын аяқтап, маман атанды.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі «Жол картасы – 2020» (кадрларды қайта даярлау) мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болып табылады.        

Бұл оқу орны мамандарды даярлауда аймағымыздың ірі кәсіпорындарымен серіктестікорнаған: қалалық және аудандық білім бөлімдері, «дене тәрбиесі және спорт» бөлімдері, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС, «Жайрем кен байыту комбинаты», НОД-4 АО НК «Қазақстан темір жолы» – Қарағанды жол бөлімшесі, «НК ҚТЖ-Жаңарқа  сигнал және байланыс дистанциясы» АҚ және басқа да Ұлытау-Жезқазған аймағындағы ірі кәсіпорындарымен іскерлік байланыста.

2016-2017 оқу жылы колледжімізде жаңа нарық экономикасында сұранысқа ие мамандықтардың бірі 1302000 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы, біліктілігі 130201 2 – «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі», 130202 3 – «Электромеханик»

1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша 130601 2 «Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер» біліктілігі, 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша 130408 2– «Электрондық есептеу машиналарын баптаушы» біліктілігі, 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» мамандығы бойынша 090202 2 – «Тарату құрылғыларының электр жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарі» біліктілігі, 1201000 –« Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 120106 2 – «Автомобильдердің  электр құрылғыларының электригі» біліктілігі , 1203000 –«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 120302 2 – «Орталықтандырылған станса бекетінің кезекшісі» біліктілігі бойынша студенттерді оқыту жүзеге асырылып жатыр.

2018 жылы 0705000- «Пайдалы  қазбалардың кен орындарын жер асты өңдеу» жаңа мамандығы ашылды, біліктіліктері: 0705072 – «Тау-кен қазбаларын жөндейтін  тау-кен жұмысшысы», 070502 2 – «Жер асты тау-кен  жұмысшысы», 070514 1 – «Үңгілеуші»

2016-2017 оқу жылында Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстан агенттігі тарапынан акрредиттеуден сәтті өтіп, сертификатқа ие болды.

2018 жылы арнайы мамандандырылған аккредеттеуден келесі мамандықтар сәтті өтті: 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)»,1108000 – «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»,1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1203000 – «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша)».

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі 2017-2018 оқу жылынан бастап КЕАҚ «Кәсіпқор Холдингі» енгізген модульдік-құзыреттілік негізіндегі техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру барысында 7 техникалық мамандықтар бойынша эксперименттік режимге көшті:  1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), 1306000 – Радиоэлектроника және байланыс  (түрлері бойынша) және1302000 – Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша), 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша), 1108000 – Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша), 1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, 1203000 – Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

Колледж 2018-2019 оқу жылы жоғарыда көрсетілген 7 техникалық мамандықтар бойынша модульдік-құзыреттілік негізінде жұмысын жалғастырды.

2018 оқу жылы 0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша да модульдік-құзыреттілік негізінде модульдік типтік оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылды.

ЖИГК – полимәденитетті білім ортасы, онда 22 ұлт өкілдері оқиды. Мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие жұмысы педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының тұлғаралық қатынасынта төзімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі

Колледжде инклюзивтік білім беру қағидалары енгізілуде.  Колледжде мүгедектерге лайықты білім, нәтижесінде – білікті жұмысты алуға; колледждің қоғамдық, шығармашылық, спорттық өміріне қатысуға, толыққанды және мазмұнды өмір сүруге мүмкіндік беретін кедергісіз орта құрылған. Қазіргі таңда колледжде 7 мүгедек және 14 жетім бар. Оларға әрдайым әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осылайша, ЖИГК-да ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты арттыруды қамтамасыз ететін жоспарлы бойыншалық нәтижелік жұмыс жүргізіледі. 

2016-2017 оқу жылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында колледж облыстық «Инновациялық кеңістіктегі Қазақстан: бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының рөлі» тақырыбында облыстық инновациялық форум өткізді. Форумға Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында көрсетілген басым бағыттардың бірі болып табылатын ІТ саласын дамыту бойынша түрлі бағдарламалар қолданылып әзірленген ІТ жобалар ұсынылды. Қарағанды облысының студенттерімен инновациялық жобалау, білім беру ұйымдарын басқаруды жарнамалық менеджмент арқылы оңтайландыру, сондай-ақ ІТ облысындағы түрлі өзекті мәселелерді қарастырылып, шешімдер ұсынылды.

Конысбекова Нурсая және жетекшісі Жұматова Г.К.

 2018 жылдың наурыз айында «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Конысбекова Нурсая атты студент және жетекшісі Жұматова Г.К. аймақаралық «Worldskills Kazakhstan Karaganda-2018»(қ.Сарань) чемпионатынан жүлделі II ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігінің 2016-2019 жылдың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың сәуір-мамыр айында білім беру жетістіктерін бағалаудың PIZA-2018 Халықаралық зерттеуіне 

Қазақстанда қатысты Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі PIZA-2018 Халықаралық зерттеуінің қатысушысы болды. Зерттеу колледж базасында жүзеге асырылды.

Колледжде тәрбие жұмысына да үлкен назар аударылады. Тәрбие жұмысының басты міндеті – колледждің тәрбие кеңістігінде тәрбиелеуші ортаның ықпалымен және студенттердің тікелей ынталануы астарында тәрбие жұмысының максималды нәтижелеріне, тәрбие үрдісінің барлық қатысушыларының мақсаттарына қол жеткізуіне алып келетін тәрбиелеуші жүйені құру және қолдау.

Колледжде қызығушылықтар бойынша түрлі клубтар құрылған:  «Әділет» пікірталас клубы, «Жас интеллектуал» зияткерлік клубы, «Инициатив» еріктілер клубы, «Кәсіптік» жаскәсіпкерлер клубы, «Хакерлер» блоггерлер клубы,  «Көркем», «Let’sDance» би топтары, «Сарыарқа ұландары» КТК командасы, бағыттар бойынша спорт секциялары және басқалары.

«Сарыарқа ұландары» КТК командасы

Колледжде оқытушылар мен студенттер арасында өзара сыйластық, тең дәрежедегі әріптестік, құрмет көрсету қалыптасқан. Мұнда жеке тұлғаның жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

Жалпы алғанда, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде сапалы білім беру қызметін көрсету үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Шілде (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Нау    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031