Slider

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі қашықтықтан оқытуға көшті.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі 2020 жылдың 16 наурызынан бастап болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТТ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баспасөз мәслихаттарында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізді.Осы мезеттен бастап коронавирусқа қатысты техникалық және кәсіптік білім беру салалары қашықтықтан оқытуды бастап кетті.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі MoodIe электронды платформасымен жұмыс істеп жатыр. Платформадағы студенттердің саны- 653, оқытушылар саны- 41.

 Браузерден http://zhigk.zhezcan.kz/ адресін жазу арқылы әр оқытушы мен студенттер өз логин,паролін жазып кіре алады. Платформада оқу үрдісінің кестесі және сол кестеге сай барлық пәндер салынған. Мысалы, «информатика» пәнін алатын болсақ, студент осы пәнге кіріп, сол күнгі теориялық материалмен танысып, лекция соңында орналасқан «кері байланыс» тапсырмаларын орындайды. «Кері байланыс» батырмасында бақылау сұрақтары, тапсырмалар, тест, сұрақтар орналасқан. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы студенттер бағаланады. Соған байланысты журналдарға күнделікті бағалары автоматты орналасқан.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде желіге қосыла алмайтын студентер жоқ. Оқытушылар мен студенттер 100% желіге қосылған. Лекциялар мен тапсырмалар күнделікті орындалып жатыр. Оқытушылар онлайн сабаққа әр студенттің толық сабақты орындауын күнделікті қадағалау үстінде.

Comments are closed.

Қазан (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қыр    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031